Сан құбылып, қылымсып, көзін құйқылжытты. ~ Қайдан келдіңіз? – деді қызыл шырайлы қыз көзін ойнақшытып. Ә.Нұрш. ~ Семіз даяшы әдепкідей емес, көкшіл көзін ойнақшытып, Арысқа күле қарап, байпаңдай қалыпты. Н.Сер. ~ Әже-ау, сұрама, желкесі күдірейген, қарны шермиген, сақалы күйектей, бұқа көзденген біреу, — деп екі қыздың үлкені қылымсып, көзін ойнақтатып күлген болды. Б.Майл. ~ Көзін ойнақтатып, бұрала басып сөйлегенде, сызылтып ән салғанда күндіз көрген әйелге ұқсамай кетуін айтсаңшы! Б.Тоғ. ~ Ой, әлі сен бала екенсің ғой… Жә, жарайды. Есеп–шотыңа ақша қалай түседі, со моментінде алып кел, әлгі «шәпкіні,» деп көрші көзін ойнатты. Н.Дәу.
