Тесірейіп, зілдене қарады. ~ Шауыпкелдің алысуын басында ойын шығар деп ойлаған Алтынсары, шынға айналғанын көргесін, уысын жазуға әлі келмейтінін байқаған соң, басып жатқан Шауыпкелдің көзіне көзін оқтай қадады да: — Әй, ақтық рет айтам, рас бермеймісің! — деді дікіленіп. С.Мұқ. ~ Құнанбай босаңсыған пішіндердің барлығына жалғыз көзін оқтай қадап, атып жібергендей қарайды. Қарқаралыдағы байлау бойынша, мұның Айғыз қолынан тартып алып беріп отырған баласы осы. М.Әу. ~ Қасқырбайдың қасында Көбен отыр. Ол – өткір көздерін айналасына оқтай қадағанымен ауыз ашып сөз айтқан жоқ. Б.Тоғ.
