Ашу қысып, көзі қанталады. * Әкесiнiң қан басқан көзi бұған жалт бұрылғанша, қатты серпiнмен Құнанбай қолын қағып жiберiп, Әмiрдi өлiм шеңгелiнен бiр-ақ жұлып, сүйреп алды. М.Әу. * Кенет оған кешеден бергі қанды-қырғын айқас, өліп бара жатқан солдаттың жан ұшырған ащы айқайы, кісінің бойындағы бар қайратын сығып алып, қорғансыз құмырсқадай мүсәпір еткен жау танктері, көзді қан басып, өзге дүниені ұмыттыра елірткен соғыс қызуы – қорқынышты түс сияқты көрінді. Т.Ахт.
