Не ойлап, не сезгенін көзінен-ақ білуге болады. ~ «Айта бер», – дегендей Елубаев креслосына шалқайып отырды. Қанша сабырлы, салмақты көрінем дегенмен іштей сескеніп отырғанын көзі айтып тұр. Б.Тоғ. ~ Ержанды да ыза қылатыны осынысы. Қазір де «болар іс болды, мен қайтейін, бірақ түбі салмақ өзіңе түседі ғой» дегенді көзі айтып тұр. Т.Ахт. ~ Мұқан ішіндегісін көп ақтара бермейтін ұстамды жігіт. Әлгінің бәрін өзі айтпайды, көзі айтады, тентек болған танадай меңірейген түр – түсі айтады. Б.Соқ. ~ Ауызы айтпағанмен, Мамозының қырына ілігем деп кейбіреудің көзі айтады. Ж.Ахм.
