Posted in

КӨЗІ АҚТЫ

Көзінен айрылды, соқыр болды. ~ Төбелес шыққан жерде сұлап біреу қалды. — Ол мас. Бағанадан жатқан, — деді бір әйел.— Соққы тиіпті! — деді күреске қазылық еткен жалпақ сары даурығып. — көзі ағып кеткен ғой деймін. Ө.Кәр. ~ Чулково айлағында Левитанға бір көзі ағып түскен мыртық шал кезікті. К.Паус. ~ Келісті тұрқына айбар ұялатқан сексеуілдің иіріндей шомбал мүйізінің тұқылы ғана қалыпты. Бір көзі ағып түскен. Сау жанары шарасынан шыға шатынап, қызара жасаурайды. Ө.Кәр.