Posted in

КӨЗІ АЛАҚАНДАЙ (БОЛДЫ)

Бадырақ көз. ~ Күнікейдің қиялы сағымдай бұлдырап, сол сағымның ішінен біресе екі тірсегі ботанікіндей майысқан, басы бір бөлек, кеудесі бір бөлек кейқуат Тұяқ елестеді, біресе екі иығына екі кісі мінгендей, көзі алақандай, шүйдесі тоқпақтай Байман елестеді. Ж.Айм. ~ Сен күн көресің ғой. Аспанда көкшулан, жерде Асанжан аштан өлуші ме еді,— деген көзі алақандай, уыздай бозбала жігіт. Б.Қыд.

Қорқып кетті, қатты таңданды. ~ Ертөстік портфельден кішкентай канистра алып, кесеге шүпілдетіп шұбат құя бастағанда, Нұрағаңның көзі алақандай болды. С.Ел. ~ Көзі алақандай болып шарасынан шығып кете жаздаған келіншек баж ете қалды. Қ.Мүб.