Posted in

КӨЗІ ЖІТІ

Өткір көзді, көреген. * Биязы, толық ақыл, із баққаны аз, Қырымнан көретұғын көзі жіті. Б.Ізт. * Көкірек көзі жіті болған соң да осылай жазады, осылай жалғайды. Ғ.Қаб. * Құлағы түрік, көзі жіті жұртшылық екеуін дамбал бажа деседі, бірақ мен ол жақтарын білмеймін, білгім де келмейді. Ғ.Қаб.