Өлді, о дүниеге аттанды. ~ Ақтан (күрсініп). Әй, сондада қиын. Сынаптай толқыған бір жұрт. Жалбырдың көзі жоғалмай бізде тыным болар деймісің? Б.Майл. ~ О сорлының да күзеттен қолы босамайды. Атың өшкір Гитлер салды ғой лаңды. Тезірек көзі жоғалса екен со найсаптың!.. Т.Берд. ~ Сендей қыршаңқылардың көзі құрымай тұрып, тыныштық болушы ма еді. Бір елде соғыс болып жатыр деді ғой балалар. Ә.Кек. ~ Оған ызаланған ойраттар Елбектің өзінің көзін құртады. Елбектің көзі құрығанмен, Шыңғыс әулетінің көзі құрымайды. Ә.Кек.
