Ұйықтап жатқандай болғанмен, көңілі алаң, мазасыз. * Елтай сабалаған кар қарып бара жатқасын бетін аттың жел сапырған жалына кеміп, тұмсығын тердің көңірсік иісіне тығып, жатып алды. Көзі жұмулы, көңілі ояу… М. Қаб. * Көзі жұмулы болғанымен көңілі ояу, бәрін естіп, бәрін сезіп жатты. Ә.Асқ. * Қолқанат денесі жылынып, пысылдай жөнелді. Абылайдың көзі жұмулы, көңілі ояу. Қ.Түм. * Көзі ұйқыда, көңілі ояу, сол ай астында жайын құм өлкесінің бозамық нұрға малынып, тып-тыныш ұйыған сәтін көргендей. С.Елу.
