Posted in

КӨЗІ ОЙНАҚТАДЫ (ОЙНАҚШЫДЫ)

Құтырына, құныға, қитыға қарады. ~ Қашан көрсең де, көзі ойнақтап, пұшықтау мұрнының жұқа танауы делдиіп, дөңес маңдайы жалтырап, қунақ құланша атығырылып тұрғаны. Ж.Айм. ~ Әкесі мен Әбіш арасындағы әңгіме үзілген-ді. Күлімдей жымыңдап, көзі ойнақшып отырған Өтегелдіге Әбіш оқыс сұрау берді. М.Әу. ~ Мардан үндемеді. Оның үйрек мұрны тыжырайып, көзі ойнақшып, беті қуқыл тартқан еді. І.Жан.