Posted in

КӨЗІ ОТТАЙ ЖАНДЫ (ОТ БОП ЖАЙНАДЫ)

Көзі нұр шашып, ерекше сезімге бөленді. * Екі көзі оттай жанып, балаша еліріп алған Шырақжан екпіндей кіріп, жартылай қарап: – Әже – ау, бәрі сонда. Рахия апам да жүр, – деді асығыс тауықша жұтынып. Т.Әбд.

  1. Ынтықты, әлдебір іске құлшына кірісті. * Қызылбике үсік қолымен жағын таянып қалды. Сөйтті де басын жұлып алып, көзі от боп жайнап: – Бұған мен өзім барайын, қасыма екі- үш мелитсиенер, тағы бір- екі жігіт қосып бер, – деді. Ж.Айм. * Үй ішін әлдебір қоңырқай мұң жайлаған. Коньяк басына шауып, көзі оттай жанған Гиви мұның селқостығына қарамастан аймалап, жалап-жұқтап өліп барады. Т.Сәук.