Posted in

КӨЗІ ӨҢМЕНІНЕН (ӨҢМЕННЕН) ӨТТІ (ӨТКЕНДЕЙ БОЛДЫ)

Зәрлі pаймен тiкipейе қаpады; тесіле көз тікті. ~ Жүзіктің бетіндегі тозған гауһардай көз өңменінен өтіп, ішіп-жеп барады. С.Жүн. ~ Жағалтайдың көзіндей кісінің өңменінен өтерлік сұғанақ көзі ентелеп, бет алдындағы қимылды шашау шығармай, қызу бағып қалыпты. Ж.Ахм. ~ Апырай, әлгі шалдың кекете қараған көзі өңменінен өтіп барады. Табалап емес кекетіп қарады. Ә.Кек. ~ “Өй, мынау қайтеді? Өткір көзі өңмеңнен өтті ғой” деп шоқ басқандай шошыпты. С.Дос. ~ Шақшиып қарағанда көзі өңменнен өтіп кетеді. Сәлем алумен де шаруасы жоқ. М.Қан. . ~Төмен қарады. Аркадий Павловичтың өткір сұр көзі өңменінен өтіп кеткендей болды. М.Дәу.