Posted in

КӨЗ АЛДЫНАН ТІЗБЕКТЕЛІП (ТІЗІЛІП, ТІЗБЕК-ТІЗБЕК БОЛЫП) ӨТТІ

Бұрын болған уақиғалар есіне түсіп, бірінен соң бірі көз алдынан өткендей болды. ~ Сөйтіп әрі-сәрі боп тұрғанда, осы Сапарбекті үйлендіргені есіне түскен. Сол-ақ екен, бәрі көз алдынан тізбектеліп өте берді. Қ.Най. * Жетпістен асса да әке- шешесінің басына барып, жылына бір Құран оқуды парыз санайды, сол сәт жеті ондықтан асқан басы өзін бала сезініп, әкесінің алдындағы балалық қылықтары көз алдынан тізбектеліп өтіп жатады. Қ.Түм. * Ал, бүгін көңілсіздік Гүлзатты тіптен жетелеп алғандай. НЕДЕН шошып оянғанын есіне түсірмек болып еді, көрген түсі қаз-қалпында көз алдынан тізбектеліп өте берді. А.Үсей. * Түрік жерінде қырылған… онан түрікпендер атқан… онан мұз үстінде үсіп өлген кісілер көз алдынан тізбек, тізбек боп өткенде, ту сыртынан, екі жаурынның арасынан шымырлап суық тер шықты. Ә.Нұрп. * Айтылмаған әңгімесі алқымына тіреліп, көз алдынан тізіліп өтіп жатыр. Т.Ахт. * Көз алдынан тізіліп өтіп жатқан қайғылы оқиғалар, төгілген қан мен ашынған жандар оны да әбден шаршатқандай болып еді. Қ.Жұм. * Басы нан кешкен оқиғаларды көз алдынан тізбектеп өткізіп, бір-бірлеп санамен сүзеді. Әр ісін ақылмен өлшейді. Қ.Тол. * Өткендегісі мен қазіргісінің бәрі араласып, көз алдынан тізбек-тізбегімен өтіп жатты. Ш.Айт.