Posted in

КӨЗ АЛДЫНАН ӨТКЕРДІ (ӨТКІЗДІ)

Есіне түсірді, көзінің алдынан тағы бір өткізді. ~ Өз өмірін осылай ойлап, көз алдынан өткеріп, таразылап, Түркістан шәріндегі базардың ішінде отырған Иматайдың ойын қарсы алдына келіп тұрып, тесіле оған қарап қалған сыған бала бөліп жіберді. К.Өтж. ~ Небір ғажайып өлкенің ой-қырын көз алдынан өткеріп, құс секілді қалықтап ұшып жүргендей сезінеді. Д.Дос. ~ Сая жанына әсем әсерін қалдырған осы оқиғаны жіпке тізгендей етіп көз алдынан өткізіп, жылтыраған бұлақ жиегінде ұзақ отырды. Д.Дос.