Posted in

КӨЗ АЛДЫНА КЕЛДІ (ЕЛЕСТЕДІ)

Бұрын өткен әлдебір көріністі қайта көргендей болды. * Ұлылық пен сұлулықты, тазалықты танытар бұл асыл бейне қылқалам ұшынан қай күйде, қай түрде шықпақшы? Кенет Бағданның көз алдына Джоконда келе қалды, қызық. С.Шайм. ~ Жаламен қамалған, тізімделгендердің дені ақтала бастаған. Көп жерден шығып жатқан қозғалыс Шыңдубәннің көз алдына келді. Т.Рыс. ~ Бүгiнге дейiн сол бiр өткен жолдары есiне түссе болғаны, Кенжеғұл делқұлы жандай есеңгiреп, әлсiреп сала беретiн. Көз алдына өз қолымен өлтiрген ағасы Құрбан елестейтiн. Р.Рай. * «Ұлы қағандарға адал боламын деп жүріп, мен де қатігез болып кеткен жоқпын ба, өзі?! – деді өткен өмірін көз алдына елестетіп отырып. Д.Рам.