Posted in

КӨЗ АЛДАУ

Сырт көзге жасалған, негізгі мақсатынан бөлек қарекет. ~ Әрқайсысын бір-бір ұстап, қысып, сипап өтеді. Ұзын тізгіннің бұралған жерін жазып қойды. Бірақ мұның бәрі жәй көз алдау, бәрі де қарттың негізгі пиғылынан бөлек, құр күйбең. Ж.Нәжім. ~ Енді бұ дүниелік сырдан, о дүниелік ғаламат ойға оралып, өмірдің жалғандығы, тірліктің өткінші жауындай көз алдау екендігі де өлең сабағына орала, өріліп қала береді. М.Сүн. ~ Ағаш панерден тұрғызған қабырғаны әктеп қойыпты. Тұрбалардың сыртқы қара қағазын шытпен орап көз алдар далбаса жасаған. С.Смат. ~ Әйнексіз терезелер төбеден үңірейе төнеді. Біразы түрлі түсті целлулоид тақтайлармен бекітілген. Муниципалитеттің “ұялған тек тұрмас” дегендей, көз алдағаны. М.Қаб. ~ Заман не болып барады өзі? “Жануарлар дүниесінің” жетекшісі Сенкевич ана бірде: “Жолбарыс шабар алдында құйрығымен жер сабалап, көз алдайды” деп еді, жаһұт көзің сөйтіп отырмасын! М.Қаб. ~ — Е, бұ күнгінің баласы оқу дәмін біледі деймісің, құрдас- ау. Әншейін көз алдау да оның аты. М.Сүн.