Posted in

КӨЗ ЖАЗБАДЫ

Көзін тайдырмай, ұзақ қарады. ~ Гүлбаршын сұлудың көңілінде мұң, көзінде жас болғанымен, бағанадан бері осы
диуанадан көз жазбай отырған. А.Сей. ~ Иматай қара құрым көкпаршылардың арасынан Тұрарда тауып, одан көз жазбай
өзі де атын тебініп соңынан еріп отырды. К.Өтж. ~ Света басын төмен салбыратып поселкеге қарай ілбіп басып барады.
Ақтай көпке дейін көз жазбай қарап отырды. Б.Тоғ.

  1. Назарында ұстады, хабар-ошарын біліп тұрды, байланысын үзбеді, қарасын жоғалтпады. * … адасып жүрген жалғыз-
    жарым бөріге көк айғырдың өзі алдырмас еді. Әйткенмен, сақтық керек, көз жазбадық. М.Мағ. ~ Сонау өткен ғасырдың
    алпысыншы жылдарынан берi жұп жазбай, жұп жазсақ та, көз жазбай, қатар келе жатқан бiр жылдың төлдерi едiк. Ш.Мұр.
    ~ Қалың мырзаболат әлі күнге дейін басына іс түссе, осыны паналайды. Сондықтан Дәуітбай заманның ағымын жіті бақылап,
    күнделікті тірліктен көзін жазбайды. Т.Әбд.