Жоғалтты, айрылып қалды. ~ Жазушы шығармашылығында әрі-беріден соң, жиі көрініс бергенде, қайталау, схема секілді әсер ететін бір тенденция бар. Ол – ана мен баланың қиын-қыстау кезеңде бір-бірінен көз жазып, ажырап қалуы. Қ.Ерг. ~ Сəкеннің тəкаппарлығын, кейде тіпті кейбіреулерге керенау, кердең секілді көрінетін кербездігін үлгі тұтатын. Амал не, Сəкеннен күллі жұрт көз жазғанда, бұл да жынынан айырылған бақсыдай жым болды. З.Қабд. ~ Бір кезде Дерягин қалың көдеде бұғып жатқан қояннан көз жазып қалды. С.Жүн.
