Ырықсыз жылап жіберді. ~ Ғазиза боп-боз боп кетті. Кенеттен өз әкесі Әкімбек тіріліп келгендей қуанғаннан көз жасына ие бола алмады. Б.Тоғ. ~ Не ғажап?! Жағасы жайлау тоқ көңілдің бір күйтін ғана қуалап келген Бағдан да жоқ жерден қасірет арқалап, көз жасына ие бола алмай қалды. С.Шай. ~ Бәрі де қаланың шығысындағы станцияға қарай жаяу-жалпылы ағылып, бәрі де көз жасына не болмай егіліп барады. Ә.Әб.~ Бұдан әрі көз жасына ие бола алмаймын да деп қорыққандай өннің келесі қайырымында қомданып аруақтана түсіп, ызамен ашына айтты. С.Жүн.
