Posted in

КӨЗ ЖАСЫНА ҚАЛДЫ

Біреуге қиянат жасап, обалын арқалады. ~ Жетім деген жанның көз жасына қалған да оңды емес деп ел де аңыз қылады. Ж.Айм. ~ Шолпан ашуланып: – Сөйтіп жүрмей құрысын, өз басыңда еркің жоқ, әркімнің қыздырған тіліне еріп, ақырында Жамалдың көз жасына қалып отырмыз. Ата-бабаң істемеген істі қыламын деп би болғансып, бір жылдың ішінде, қане, шыққан мүйізің? – деді. М.Дул. ~ Сенің обал-сауабың өзіңе. Қатын-баласының көз жасына қаласың, аулақ жүр дедім, болмадың. Б.Май. ~ «Көптен айрылған көмусіз қалады, көппен көрген ұлы той» деп біліп, босқан елдің құба жонда боразда тартқан сорабымен кетіп бүкіл ғұмырын талқандаған еді, бала-шағасының сорына бағып, көз-жасына қалып, түсіп-шығып аласатып еді түрмелердің аузынан. Ғ.Біл. ~ Төре болдың ғой, Айғанымның көз жасына қалма, Әбділданың тепкісінде шірітпе. М.Дәу. ~ — Күші басым жауға салып обалдарыңа қалулымын, жігіттер! — деді Бұлыш иіріліп тұрған нөкеріне. — Енді ұрынсақ қатын-бала көз жасына қалулымыз. С.Елу.