Posted in

КӨЗ ЖЕТЕР (ЖЕТКЕН) ЖЕР (КӨКЖИЕК, ҚИЫР, МАҢАЙ т.т.)

Көздің ұшында тұрған (көзбен көруге болатын) қашықтық. ~ Сұрғылт Бетпақ емес, көкжасыл жазира. Қора-кора қой, үйір-үйір жылкы. Шоқ терек, саялы тоғай. Көз жетер жер шалқыған көл. М.Мағ. ~ Төбеден көз жетер жердің бәрі айқын көрінеді. Т.Әбд. * Көз жеткен жер көк аспанмен көмкерілген оңаша отау сияқты. Сол отаудың ішінде мен де тұрмын. Қасымда ұлым –Марат пен Талғат бар. Т.Иманб. ~ Ауыл алды – кең жазық. Көз жеткен жердің бәрі теп-тегіс. М.Әбдіх.* Көз жетер көк жиекте көлеңке болар бұта көрінбейді. М.Мағ. Ол сәт шалқан даланы ақ мұнарға құндақтап, күн шығып келе жатқан. Келе-келе көз жетер қиырдың бәрі нарттай нұрға бөленді. Қ.Най. ~ Түс ауа аспанда біраз қалқып, көз жетер маңайды шарлап, жемін алысырақтан іздеуге әдеттене бастады. Ү.Жәл.