Ұлан-байтақ, ұшан-теңіз. ~ Қартқожаны лаушы қылып, алып жүрді. Мұнда келген әскердің сілемі екен, көбі алда, артына көз жеткісіз. Ж.Айм. * Сол жағын басына көз жеткісіз көкпең-көк қия тас, оң жағын арыстандай тулаған Самардың асау суы. Ж.Айм. ~ Таудың биігінен бастап бұйралана өскен қарағай, қайыңы аралас ағаш етекке түсе кең жайылып, ұшы-қиырына көз жеткісіз қалың орман боп кетеді. С.Мұқ. ~ Не деген ұшы-қиырсыз кең-байтақ дала. Тауы да, тоғайы да жоқ тақтайдай кең жазық. Бір қырат пен екінші қырат арасы көз жеткісіз. С.Жүн. ~ Адамның көз жеткісіз қарасына, Дегендей исі қазақ бәрі осында. Жауғандай Ерейменге жаңбыр кісі, Қусақтың тарпы тура жағасына. І.Ес.
