Posted in

КӨЗ (КӨЗІН) АЙЫРМАДЫ

Жанарын әкете алмады; бір нүктеге қадалып қалды. ~ Жадау жүзімді айнадай жарқыраған тұнық өзенге төндіріп томсара қалдым. Басыңқы көңіл күйімнің елесін Жабай өзенінің ертеңгілік шақтағы мөлдір суынан көргім келгендей, көз айырмаймын. С.Ом. * Әрине, мен де ашулымын. Елена сұлудан көзімді айырмадым. М.Мағ.