Ашкөзденді, біреудікіне сұқтана көз тікті. ~ Ақыры қорлықты сол қазақтар көрсетті. Әбілқайыр, Абылай, Ерәлі, Есім-қазақ сұлтандарының қарақалпаққа көз алартпағаны жоқ екен. З.Шүк. ~ Мен көк бөрі болғанда, сіз — момақан қозы, теңеуіңіз жақсы екен. Бірақ мен кісі малына көз алартып көрген жан емеспін. Ә.Тар.
- Қорқытты, сес көрсетті, жақтырмай қарады. ~ Е, Тәке, бiрде ұғысып, бiрде бұғысып жүрсек те шығыса алмай қалған, «Еп, бәлем, тұра- тұр! » десiп, көз алартысқан кезiмiз болмапты. К.Сег. ~ Ол сөздерді Мағрипа ұнатпай қалды: – Сенің осындайың-ай! – деді, көзін алартып. – Адам құсап алып келген екенсің, шыдамайсың ба, байқұс! Ә.Тар. ~ Кәне, достығымыз үшін, – деп Хасболатқа да ұсынып еді. Ол көнбей қойды. − Темекі – сайтанның сідігінен шығады. Жоғалт әрі! – деп өгіз көзін алартты. Ш.Мұр.
- Қызғанды. ~ Тектілік кім-кімде де баршылық: біреудің асылы мен жасылына сұқтану, көз аларту деген бұл Елшібек әулетінде жоқ-тын. Ш.Құмар. ~ Қой‚ мен қайтайын. Біреумен көп сөйлесіп қойдың деп бұқам өзіме көз алартып жүрер. Ондай жағдай болған. Қ.Түм.
