Posted in

КӨЗ (КӨЗІН) АШҚАННАН (АШҚАЛЫ)

Туғаннан бері, өмірге келісімен. * Алдымен елші алысармыз, содан соң шешім табармыз деп ойлағам. Көз ашқаннан патша тәртібін танып, қамаудан, айдаудан етсем де ақылым кірмепті. М.Мағ. * Бұл кісінің мейірімін көз ашқалы көргенім осы болса керек, алдында жата бергім келді. Қ.Шабд.~ Көз ашқалы қол жайып, жалақтап жүрсең де, бүйірің бір шықпаған екен. Құдай құрамаған соң қол жайып сұрап, қазығыңа қара айналдырам дейсің бе? Ә.Нұрп. ~ Өзім көз ашқалы Совет өкіметімен бірге жасап келген адаммын. Ш.Айт. ~ … әйтеуір, әкесі жүрген жерде ылғи осылай боларын, қайда бармасын, қай ортаға түспесін – бәрінде де сый-құрмет иесі боп шығарын көз ашқалы көріп келе жатқандықтан бұл сияқты ерекше ықыласқа мән де бермеді. Д.Иса. ~ Қала берді, көзін ашқалы сол үйдің отымен кіріп, күлімен шыққан, ана малдың бәрін бағып–қаққан сол емес пе? Т.Әбд. ~ Құйрығы түтіндеген шаланы шоққа қарай қағыстырып қойып, біраз әңгіме айтып тастады. Есімі – Үсен, көзін ашқалы қой бағып келеді екен. Т.Сәу. ~ Жас кезінде не көрмеді? Көзін ашқаннан Бимен байдың малын бақты. Қ.Най.