Көкірегі ашылды, өмірді білді, таныды. * Жаңа замана көгінде көзін ашып, қолына қалам ұстаған С.Мұқановты шығармашылық бастау жолында тақырып көп толғандырмаған. Қ.Ерг. ~ Исаға енді бұл іске белсене кірісу ғана қалды. Жандай да, Әмен де көп нәрсеге көзін ашып, алға қарай итермелеп, өрісін кеңейтті. А.Жақс.
- Санасы оянды, ақиқатқа қол жеткізді. ~ … оның сан-саналы қайраткерлік қызметін, қаһармандық ерлігін айшықтап көрсетер қыруар құжаттар мен деректерге жұртшылықтың көзін ашқандай болды. Бақсақ, Абылай парасатты елбасшы ғана емес, қабырғалы қолбасшы да екен. С.Ақт.
- Бір нәрсенің тиегі ағытылды; жолы ашылды, қолайлы жағдай туды. ~ … ежелгі халықтық тәлім-тәрбиенің қайна- рын, діни нанымы мен дәстүрінің бітелген көзін ашу үшін аяққа оралғы қазармалық социализмнің жылымшы жылан күйісті саясатын батыл серпіп тастамай, демократия жолын- да нық адыммен ілгері басуымыз екі талай. Ө.Кәр.
- Сауаттанды, оқып-жазуды үйреніп, білім алды. ~ Сөз жоқ, Ташкент циркінде тамашалаған кереметтері мұның бойында жасырулы тосын қабілет, тың мүмкіндіктерді жойдасыз күшпен жұлқып, көзін ашқандай еді. Ұ.Досп. ~ Ол ұстаған молдадан төңіректегі 30 ауылдың жастары білім алып, көкірек көзін ашқан. С.Ақт.
