Posted in

КӨЗ (КӨЗІН) ЖЕТКІЗДІ

Анықтап білді, өтірік-шынын айырды, сендірді, дәлелдеді. * Осы жасқа келгенше естіп-білмеген масқара қорлыққа тап келгенін енді байқап, осының рас-өтірігіне көз жеткізгісі келгендей дүдамал ақуалмен – сусылдаған шәйі жібек көрпе мен былқылдаған құс жастықты әрлі-берлі сипап, меңірейіп недәуір отырды. О.Сәрс. * Ол манадан хат тасушының бағытын аңдып, сырттай бақылап тұрған. Өз ауласына бұрылмайтынына көз жеткізген соң ішкі табалдырықтан түңіле аттады. Ж.Нәж. * Өрік әлі де көзі жетпегендей, таңертең Ақбілек ұйықтап жатқанда, ақырын барып, көрпесін ашып қарады; ішіне суық қол тигенде Ақбілек шошып оянып: — Ә, ә… немене… бұ кім?!— деп еді, Өрік: — Көрпең ашылып қалғанға жауып жатырмын,— деді. Өрік көзін жеткізді. Қапысы жоқ. Дәл өзі. Ж.Айт. ~ Кенесарының басын сыйлап, қырғыз манаптары өздерінің орысқа сенімді екендігіне көзін жеткізеді. І.Жанс.