Posted in

КӨЗ (КӨЗІН) САЛДЫ

Көңілі кетті, ықыласы түсті, аңсары ауды. ~ Күнікейдің ерлігіне апасы өңін бұзғанмен, көмейі бос: өзіне тартқанын, бозбаланың көз салғанын бір есептен теріс те көрмейді. Ж.Айм. ~ Мұны естіген Цапаев тағы да шағып алады: – Сен енді қызынан күдер үзгесін, шешесіне көз салайын дедің бе? Ә.Кек.

  1. Назар салды, көзін тікті. ~ Көңіліне бір қорқыныш кірді. «Адасып кеткенім бе?» – деп ойлады. Тұра қалып жоғарыға көз салды. ~ «Вронский осы болуға тиіс», — деп ойлаған күйі, анығын білейін деп Китиге қарады. Вронскийге қарай сала, Левинге о да көз салды. Л.Толс. * Жүрер алдында Хан-Дауровке көз сап еді, дивизия командирінің былайғы кезде де білемдей-білемдей бұлшық еттер ойнап тұратын ат жақты беті аса салмақты екен. Ә.Нұрп.