Posted in

КӨЗ (КӨЗІН) САТТЫ

Құныға, ашкөздене назар салды, әлденені дәмете, тілене, телміре қарады. * “Еркек біткеннің ауына көз сатпай жайыңызға тұрыңыз!» деп бір арс етуге оқталды да, әйел меңзеген тұсқа көзі түсіп, өзі де еріксіз күліп жіберді. Т.Сәук. * … атқа мінерлер алман-салық үшін деп елдің қолында бар ілікке жарайтын нәрселерінің бәріне көз сатып, оларды қан қақсататын болды. Ж.Шәк * Құмырсқадай құжынаған халық. Аларман да сатарман. Бір бума бөз сатқандар да бар. Қалтасында көк тиыны болмаса да әр затқа құр қызығып, көз сатқандар да бар. Ү.Жәл. ~ Әйтеуір ішімнен – жемнен кемтар болмасын, ешкімге көзін сатып телмірмейтін болсын деп, орынды жерге, қатар жатқан көп ел қолы жетпей жүрген байдың жалғыз баласына атастырып ек. Ендігің не?.. Т.Әл. ~ Ал Сәлиманның айта беретіні ел көшкенде басқаға қарап, көзін сатып, телміріп отыратыны. Б.Қыд. ~ Құралайға сол кеште ондаған жігіт көзін сатты: “Көрсін! Қызықсын! Мынау, алып келген екеудің өзегі өртенсін! Менің құнымды сонда білетін болад!” Ә.Тар. ~ Кедей болып көзін сатпай, Байлық деген сестердің Шекесінен қарауына, селт етпестен өскенмін. К.Мырз.