Posted in

КӨЗ (КӨЗІҢДІ) ТАРТАДЫ

Көзге түседі, зейін салғызып, көңіл аудартады. ~ Тас мүсіндей қақшиған күйі. Алдыңғы аяқтарының бұлшық еттері білеуленіп көзі еріксіз тартады. Д.Досж. ~ Айлы түннің аңғарында сонау алыста тұнжырай көрінген тау жоталары шексіз айдында жүзген кеме керуеніндей көз тартады. Ш.Айт. ~ Арефьевтің басқаруымен салынған «Социалистік қала» көзіңді сонадайдан тартады. Бұл — тұрқы қысқалау бір ғана көше. С.Мұқ.