Posted in

КӨЗ ҰШЫНДА (ҰШЫНАН)

Көз жетер-жетпес қашықтыта; алыста, жырақта. ~Той төбенің басында шығып тұрып, Төңіректі болжайды талай жерді: Көз ұшында алыстан қара көріп, Буыршын мен жұлдырлап соған барды. Ә.Бөк. ~ Көз ұшында тау шыңына қарай қалықтаған ноқаттай қара көрінді. Ә.Шәр. ~ Жаңа ғана сусар бөркін бір шекесіне қисайта киіп әмір ете шаңқылдаған кәдімгі ел түсінігіндей молда Құрбан жын- сайтан сияқты сонау көз ұшында бұлдырайды. Р.Рай. ~ Олар көз ұшынан жасырынған шақта Бәсібек үштен жетіге дейінгі бәйгені жариялап, ата ұлдарына оны алатын жерлерін айтты. К.Қаз. ~ Түстік бетте, сонау көз ұшынан Іле өзенінің арғы жағындағы Тянь-шань жоталары көзге асқақтап шалынады. Ж.Ахм.* Бірталай жер жүрді. Сонда да жете ал ар емес. Алыста, көз ұшында, адырдың бөктерінде әлде қарауытқан мал, әлде қарауытқан томар секілді бірдеңелер көрінеді. Күн еңкейіп, намаздігер болды. Ақбілектің қарны ашты, қажыды. Ж.Айм.