Posted in

КӨЗ ҰЯЛТТЫ (ҰЯЛДЫ)

Көзді қарықтырды. ~ Күн көтеріле бере өңірдегі алқаның әр теңгесі жалтырап көз ұялтып, анадайдан мен мұндалап тұрады. С.Жүн.

  1. Тура қараудан жасқанды, именді. ~ Махаббаты мәңгілік болу үшін не көз ұялатын тең қосылған ақылдылар, не көз ұялтатын көріксіз болу керек. Бірақ өмірде ондай тең қосылғандар болған емес. Ә.Әб. ~ Түп-түзу де жұп-жұмыр аяқ, тоқ балтыр арасынан саңылау таппайсыз. Көріктей көтеріліп, басылып тұратын қос алмасына қарауға көз ұялады. С.Олж.