Ұғынықты, қисынды, ұнамды, келісуге болатын. * Сырт елде туып-өсіп, ұзақ жыл өмір сүргенімен сөздері біздің бүгінгі әдеби тілімізге өте жақын. Өз ісіне шебер, төселіп алған талантты жорналшыдай әңгімелері ұғынуға оңай, көкейге қонымды. Қ.Бег. * Ал, тарихты, біз үймен, зиратпен қаламай, сөзбен, ән-өлеңмен, күймен қалаған халықпыз. Айтқаныңыз көкейге қонымды-ақ, бірақ оныңызға аса машықтанбаған жандармыз. С.Жүн. * Қарның ашса қысылма, барымыз аузыңда. Мына Абыралыжан оның жолын жақсы біледі, былай шыққасын сұрап аларсың»,— деп көкейге қонатын ыстық-ыстық сөз айтты. М.Қаб. * Осы жайдың бәрін әрі шешен, әрі ызалы үнмен күйіп тұрып, көкейге қондыра айтып өткен кездерінде, Абайға енді Тобықтының көбінің жүздері туралап қарай алмады. Абай көзімен көзі кездескендері жасқанып тайқи берді. М.Әу. * Қаланың он жылдық дүбірлі тойы үстінде қазақы қалпымызды, сахаралық салтымызды ұлықтап қана ұлтымызды төрге шығарамыз, өзге ұлыстан ерекшелене аламыз!..» Көкейге қонатын сөз. Д.Дос.
