Тілінің ұшында, ойында тұр д.м. ~ Ең маңыздысы болмаса да, мән, мағнасы бар, отыз-қырық жыл бойы, он, жиырма, отыз мәрте түсіме кірген, үнемі көкейде тұрған, санамның терең бір түкпіріне орныққан қызыл таулар жұмбағы шешілді. М.Мағ. ~ Ауылсоветті сұраған соң, «бұл кісі оңай болмады» деген ой көкейде тұр. Б.Тоғ. ~ … туған жер деп аталатын осынау кең алқапта қаншама қызық күндер өтпеді дейсің. Бәрі де көкейде күні бүгінгідей сайрап тұр. Б.Тоғ. * Бұйра бас жігіт жүзі күреңіте қипақтап: — Айтпағым ол емес еді, достар. Ағымнан ақтарыла сөйлегім- ақ келеді, амал не, сөзге шорқақпын. Көкейімде сайрап тұр. Ауыздан шыққанда құты қашады- ау деп жүрексінем. М.Сүн.
