Posted in

КӨКЕЙ КЕСТІ (ТЕСТІ)

Жүрегін жарып шыққан, аса маңызды, өзекті. ~ Бұл кезде семинария оқушысы Ж. Аймауытұлы осы көкей- кесті мәселе жөнінде өз ойын білдіріп, К. Төгісов шығарып тұрған “Алаш” газетіне алғашқы көсемсөз туындыларының бірі болып саналатын “Қазақтың өзгеше мінездері” /21/ деген мақаласын бастырады. Н.Қуантайұлы. ~ Қосылып бір дауыспен етіп тілек: «Тартыңыз, қадірлі қарт, «Аққу күйін» – Дегенде сарнап қобыз күңіренген, Қосақтан күй дегенің қойдай өрген. Құйқылжып, тыңдағанда көкей кесіп, Өлген жан көтергендей басын көрден. Ә.Тәж. * Ол сөз, ол жазу: айтылып, тұжырылып, бір тоқтамға тірелген көкей кесті тілектің түйіні. Жеті өлшеп, бір кескен үлкен мақсаттың ұшы еді. Х.Есен. ~ Әңгіме тақырыбы көкей тескен ойдан едәуір алыстап бара жатқанын аңғардым. Б.Тоғ.