Posted in

КӨК ШУЛАН

Қасқырдың қаншығы. * Аз күнде қатарларын селдіретіп тастаған. Әккі көк шулан жан сауғалап иен даланы бетке алып жортып кеткен. Ақыры міне, елсізде жатқан бір үйір жылқының үстінен түскен. Ө.Кәр. * Жонынан сырғып түскен ұялас қайта ұмтылып асылғанда қаншықтың манаурап, буалдырланған көзіне оң қапталдан құйғытып келе жатқан арлан түсті. Зу етіп жеткен көк шулан жат арлан әлгі ұяласты кеудесімен қағып жібергенде әлсіз жас қасқыр екі-үш домалап барып, аяғынан зорға тұрды. Бұл келген Бірішек еді. С.Жүн. ~ Анау бір күні түсінен шошып оянып, кешке дейін ес жия алмай қойды. Қара түлейден шыға келсе — күйшіге бір көк шулан бөрі тісін ақситып, желкесін күдірейтіп тап-тап беріп тұр. Ә.Кек.

  1. Тіс қаққан, айлалы. ~ Жұман. Бұл келсе тегін болмады, жігіттер. Асан. Сорлы Орта Азияның әзіргі арқа тұтар көк шуланы осы ғой. Әттең… Қал.Мұх.
  2. Көгіс тартқан түсті. ~ Байсың-ау тұнық ойға да! Мұхитсың жалпақ, жағасыз, Көкжиек қана көмкерген. Көкшулан, ала шарбы түз, Аспандай теріс төңкерген. Жұб. Мол. ~ Үзеңгіге табанымды шірей тіреп, иен таудың қойнауында қылдыра-а-ап қалып бара жатқан төрт үйге ат үстінен көтеріле анықтап бір қарап алдым. Көк шулан түтіні қисайып, еріне шығып жатқан үйді көңіліммен діттеп, Ағайшаның үйі сол болар деп шамалағанмын. Нұрғ.Ор.