Posted in

КӨКЖИЕКПЕН АСТАСТЫ

Алыстан мұнартқа, көз ұшындағы көрініс. * Табиғаты сарабдал болғанымен жазғы жасыл көркін әлі бере қоймаған көк ала дала көкжиекпен астасып, тұңғиық мөлдір аспан аясында күн сәулесімен мың құлпырып, туырыла толықсиды. С.Ом. * Алдынан сонадай көкжиекпен астасып жатқан ала теңбіл тау көрінді. Ә.Кек. * Көкжиекпен астасып, үнсіз мүлгіген бейіт-қорымдар әлемдік ауқымдағы оқиғалардың куәсі. БАҚ. * Мен де осынау елден, сонау белден оқу іздеп аттанғанда, – деді Мұхаң ойлы көздерін көкжиекпен астасып жөнді көрінбейтін Шыңғыс таулары жаққа қадап, – осыншама бақыт табамын деп ойлап па едім?! С.Ораз.