Заңғар биік. ~ Ауылының бетке ұстар пысығы болса керек, Өтеп бір қияқ мұртты кісіні асыра мақтады: Даңқы елден ары асқан, Парқы көкпен таласқан. Елдің көркі Ерболдай Ағалармен жарасқан, — деді. Б.Мом. ~ Зәулім терек зеңгір көкпен таласқан, Найқалады мирт, кипарис ағаштар, Оңтүстіктің шуылдайтын толқыны, Аралаушы ем тауын, сүйем мен соны. Т.Әл. ~ Түстік жағы сойдақталған қа¬лың жартас, ұшары көкпен таласып жатыр, қарасаң бөркің түседі. Түстік жақта ағаш сирек. Ә.Асқ. ~ Қанаттың қасында өзінің жәрдемші мастері Тоқберген, екеуі скважиндердің анасына бір, мынасына бір кідіріп, адымдап кеп, Ғайни мен Айкүміс тұрған эксцентрикке таяу, қалқан ағашы көкпен таласқан биік буровойға тоқтады. Ғ.Сл. ~ Мезгіл — көктем еді. Айналаның бәрі көк жасыл, әдемі желек жамылған. Ауыл көшесіндегі зәулім теректер мен қара ағаштар бұрынғыдан бетер сұңғақты, мүлде биік боп, көкпен таласады. С.Бақ.
