Posted in

КӨКПЕН ТІЛДЕСКЕН (ТІЛДЕСТІ)

Биікке шарықтады. ~ Зеңгір көкпен тілдескен осы жобасының ғимараты көз алдына елестеп қоя берді. Сосын жайлауда сілкінген жер үстінде билеп тұрған киіз үй… Н.Дәу. ~ Арабтың үстінен құс ұшып өткенше қанаты күйетін ұлан-ғайыр шөл даласын, шымырлап ағып жататын қасиетті Нілді, айшықты күмбездері заңғар көкпен тілдескен сән–салтанатты мешіттерін … күйзеле еске алғанда, жанарына жас үйірілді. А.См. * Дастанда Шу батырдың «алуан түсті жібек әшекей әлемшікке малынып», төбесі көкке тілдесіп тұрған көгілдір шатыры бейнеленген. БАҚ.