Posted in

КӨКТЕН ТҮСКЕНДЕЙ

Елден ерек; жаратылысы бөлек. * Олар өлмес, бәрі бірдей жоғалмас, әзер болса, аз күн бейнет тартар. Бірақ дүние бір қалыпта тұрмас, көктен түскендей бір «керемет» болар. Ж.Айм. * Әже, мен қарғыстан қорықпаймын,- деп, Ырысбек мырс етіп күлген. − Әй! — деді әжем оқыс үнмен. – Өйтіп көктен түскендей боп көкіме! Шын қарғысқа ұшырасаң, оның дауасын қайтару қиын болады. С.Мұр.

  1. Аяқ-астынан, ғайыптан тайып. * Бірақ оның көңілінде тірі Балтаны көріп отырмын деген ой жоқ еді, болса да дүдамал болып отыр еді. Сондықтан ол кенет көктен түскендей болып отырған Балтаға айтатындай сөз таба алмады. М.Дәул.
  • Ешкім жоқ, ештеңе орнынан қозғалмаған. Табақтай пакет көктен түскендей. Буынымды бекітіп тұрып қолыма алдым. М.Мағ. * Шаба-шаба ұзаңқырап кеттім-ау дегенде, көктен түскендей бүйірінен бір солдат шыға келді. К.Қаз. * Әне, анау көрінген Балжан үйі. Көктен түскендей болып жетіп барам. Мені көріп, көздері шарадай болады. Б.Соқп.