Қайдан келгені белгісіз; ғайыптан пайда болды. * VI ғасырда қағанат құрған түріктер көктен түсті ме, жерден шықты ма? Қайдан келді? Қандай кезеңдерді бастан кешіріп, қандай соқтықпалы соқпақты жолдан өтті?… Ол туралы бір ауыз сөз тағы да жоқ. Қ.Салғ. * Кенет көктен түсті ме, әлде жерден шықты ма белгісіз, айдай сұлу қыз пайда болды. ҚЕ.
- Жоғарыдан келді, құдай жіберді. * Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Уәлитхан Танашев бастаған қазақтың саяси тұлғалары жанын салып жүріп заңды етіп бекіткен қазақ жерінің шекаралық аумағына 90 жыл толғанын бірлі-жарым баспасөзден басқа жан баласы жақ ашып айтпады. Бәлки, айтудан қорыққан болар… Өйткені, тәуелсіздік көктен түсті дейтін түсінік кезіп жүрген шақ қой бұл… Н.Матай.
