Әлдебір қызу сезім, серпіліс пайда болды. ~ Жақан өзіне-өзі қайран. Әлгінде ғана қаусап, күйреп күлге айналып кеткелі тұрған құр сүлдер көкірегінде енді тағы да бір ожар от тұтанғандай. Ә.Кек. ~ Бірақ бір күні өзара әңгімелесіп отырғанда Салтанаттың Ердосқа көзінің астымен үздіге қарағанын байқап қалды да, көкірегінде қызғаныш оты лап тұтанды. М.Рс. ~ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурыздағы мәлімдемесінен кейін диқан қауымның көкірегінде үміт оты тұтанып, бел буып, шаруа қамына кіріскен болатын. БАҚ.
