Posted in

КӨКІРЕГІНДЕ ОТЫ БАР

Жүрегі ыстық, жастық жалыны басылмаған. ~ Қара басқан, қаңғыған, Хас надан нені ұға алсын? Көкірегінде оты бар, Құлағын ойлы ер салсын. Тыңдамаса еш адам, Өз жүрегім толғансын. Абай. ~ Өйткені біздің сахара тұрмысында жалшылық ауыр еңбек қана емес. Бір жағынан, адамдық сыпатқа ауыр соққы, қорлық. Соған көкірегінде оты бар намыскер кедейдің көбі шыдамайтынын күнде көріп жүрмін. Бірақ аштық пен жоқшылық тірлік қамын іздетеді. М.Әу. ~ Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын. Көкірегінде оты бар ойлы адамға Бұл сөзімнің суреті тұрар дайын. Абай.