Көңілінде бой берген анық та айқын ой, сезім, есінде жақсы сақталған оқиға хақында. ~ Онда мен жап-жас баламын, бірақ есімді білемін. Сондағының бəрі бұ күнгідей көкірегімде сайрап тұр. Ж.Айм. ~ Осы жайлар екеуінің бірдей көкірегінде сайрап келе жатқан Еңсебай мен Құлжатай енді қатарынан бұл түннің бірінші, ең алғашқы суық сүренін салып қоя берді. М.Әу. ~ Көзге көлгірсімей шынын айту – ерлік, балам. Кей жігіттер, өзің сияқты біреудің беделіне, біреудің дәреже бабына жалтақтай қарап, көкірегінде сайрап тұрған сөзін күмілжіп айта алмай жүр ғой. Уамай! З.Шаш. ~ Қуанып кетіп қолына көтеріп алса мысыққа айналып қолынан секіріп түсіп қаша жөнеледі… Кештеу оянды. Көзін ашып алып біраз жатты. Түсі тайға таңба басқандай анық көкірегінде сайрап тұр. С.Досж.
