Соққыға жықты, аямай ұрды, қан-жоса қылды. ~ Жар қабақтау келген жауырынды қара сұр
жігіт, көзі қасқырдың көзіндей қып-қызыл, омырауын ашып, келдектей сарыбас қамшысын
білеп: — Егер бермеді бар ғой, қамшының астына алыңдар! Көк ала торғайдай қып тартып
алыңдар! — деді. Ж.Айм. `~ Жайдары басын көтеріп алды: – Жібермейтін сенбісің? Барам!
Қайтсем де барам!.. Шешеңнің азғырғанына еріп көкала торғайдай қылып ұрғаныңды
төрелерге айтам! – деп баспалата бастады. Б.Майл. ~ Сорлы-ау, біле білсең, Әзімнің қойнына
өзің апарып салып берген жоқсың ба? Сүйте тұра, бишара әйелді кінәлап… кінәлап қана
қоймай, көк ала торғайдай ғып сабап, өлтіре жаздағаныңа жол болсын. Ә.Нұрп. ~ Кәзiр
қасында болса, дарақы, қызғаншақ оның әйелiн көк ала торғайдай етуге жүзi жанбады.
Б.Алд.
