Posted in

КӨК АЛА ҚОЙДАЙ ҚЫП САБАДЫ

Өлімші қылып ұрды, қамшының астына алды. ~ Зарлық бақсы ыстығы көтеріліп сандырақтап жатқан әйелдің «иектеп тұрған жынын қуамын» деп, зікір салып, көк ала қойдай қып сабап, өлтіріп алған. Мінеки, дінге сенушілердің хал–жағдайы осындай. Т.Әбд. ~ Маған маңайламақ болған жігіттерді Алшағыр түнде аңдып жүріп, ұстап алады да, қорқағына ноқ жасап, қорықпағанын көк ала қойдай ғып сабайды екен. М.Қаб. ~ Атқарушылығын сол әнеугүні кеңседе Санатты ұрудан бастаған Тұржан, соның ертеңіне Байдалы шалдың үйінің малдарын уақытында суғара қоймадың деп, Фрицыны көк ала қойдай қып сабапты … С.Мұр. ~ Дардай бір мекеменің дырдай бір елудегі бастығы тапа-тал түсте, шынашақтай жиырмадағы хатшы қызына ашуланып, бас салып тепкілеп, көкала қойдай ғып сабап тастапты. Ж.Аяз.