Posted in

КӨК ДОЛЫ

Бет қаратпас; ашушаң. * … екі сөзге келмей кім көрінгеннің үстіне міне түседі де, жатып тұрып төмпештейді. Өзі барып тұрған көк долы, ашуына бір мінсе, құмарын тарқатқанша басылмайды. С.Мұқ. * Бұның бәрін сыртынан көріп тұрған Сақар әйелінің кесірлігіне кейіп, «қой» десе де, көк долы қатын қоймаған. Ү.Жәл. * Көпжасардың да шыдамы таусылып, мұз таудағы шанышқақтап соққан көк долы боранға тұншығып, тістері-тісіне сақ-сақ тиіп, қалш-қалш етеді. Т.Рыск.