Posted in

КӨК ЕЗУ

Өсек тасығыш, бос сөзге бейім; мылжың. * Шаяқметтің әйелі Нұрбикені кейбір жақтырмайтын кісілері — «көк езу» дейді. «Көк езу» атануға Нұрбикенің мінезі себеп: біреуді даттауға, өсектеуге Нұрбикедей шебер адам жоқ… Б.Майл. * Шығармашылығы жайында әлденеше рет жаздым да. Соған қарамастан, «қырансың», «ұлансың», «бұлбұлсың», «дүлдүлсің» т.с.с көк езу, көпірме теңдеулерді айтуды ұят санаймын. Г.Белг. * – Әктілеймін, көкетай. Майдан үшін, жеңіс үшін сауылып жатқан Кеңестер Одағының сүтін көрінген көк езу қатынға ұрлата алмаймын.. Н.Дәу. * Астанада ай сайын бас қосатын сәулетшілік кеңесте қала
әкімінің орынбасарымен көк езу болғанша айтысты. Д.Досж. ~ Әй, балам-ай, бір сөйлесем өзімді-өзім ұстай алмай көк езуленіп кететінім бар. Арғы тегім әйгілі шешен Жәке би емес пе? – қарт күлді. Ж.Шәк.