Posted in

КӨК ЕСЕККЕ ТЕРІС МІНГІЗДІ

Бүкіл ел алдында мазақ қылды, масқарасын шығарды. * Бар қаупің, жаныңның жарасы — қыз тәнінің жарасы екен. Егер оған Ақан жазықты болса, ертең көк есекке теріс қаратып жіберсең, ренжімеймін. С.Жүн. * Ал сен, құдай қосқан қосағың, қырық жетіні қырқа матап берген қалыңдығыңды осы босағадан аттатпай көзіме көрінбе. Содан соң көк есекке көлденең салып, тор төбелге теріс қаратып төркін жұртына қайтарып жіберсең де өз еркің. С.Жүн.

  1. Нақақ күйдірді, жөн-жосықсыз айыптады. ~ Амал жоқ, жақсының әкесі болған соң ғана аты аталып, санаттан қалмай жүр дегенге сайғыздық. Сондай солақайлықтың салдарынан атақты Шоқан ағамыздың әкесі сұлтан Шыңғыстың өзі кейде көк есекке теріс мінгізіліп келді. С.Ақт.