Тұрмысы оңды, бай; басқадан тәуір. * Көң етіктіге бермей, көк етікті кездеспей үйде көп отырып қалған қызына Наушарбан аянышпен қарады: — Ойнап айтам, қызым. Егер қаласаң Ақанға бергіземін, әкең бүгін көнбесе, ертең көнгіземін. Бүгін, енді асатпай жатып құлдық деп, айтар-айтпаста қолқ ете қалмайды ғой, әрине. Оп-оңай келісіп, бағаңды түсірмес. С.Жүн. ~ Б а ғ и л а. «Кіммен қара болсаң сопымен ақ бол» деген. Қазір сенің де жасың келіп қалды, көк етіктіні қапелімде қайдан табасың. Т.Ахт. ~ Тауы шағылып көктен бірақ күнде жерге түскен Алтын сонда да жер бетіндегі көк етіктілерді жақтырмады, себебі, сол баяғы ауруы ұстап қалатын. Н.Абдыр.
